Дамаскідегі теракт: 15 адам қаза тауып, 30-ға жуық адам жарақат алды

АСТАНА. KAZINFORM – Дамаскінің шығысындағы христиан шіркеуіндегі теракті кезінде кемінде 15 адам қаза тауып, 30-ға жуық адам жарақат алды, деп хабарлайды ТАСС.

Дамаскідегі теракт: 15 адам қаза тауып, 30-ға жуық адам жарақат алды
Фото: © SANA via AP

Al Hadath телеарнасының мәліметінше, шіркеуге кіріп кеткен лаңкес автомат қарудан діндарларға оқ жаудырып, артынша жарылғыш құрылғыны іске қосқан.

Сирия билігі бұл шабуылға жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына жүктеді.

Теракт христиан халқы шоғырланған Дувейла ауданында жасалған. Полиция оқиға орнын қоршауға алып, жараланғандарды алып кету үшін жедел жәрдем көліктері келіп жатыр.

Билік өкілдерінің мәліметінше, қаза тапқандар саны әлі де артуы мүмкін.

Айта кетелік Дамаск қаласының шығыс бөлігінде орналасқан қасиетті Апостол Павел шіркеуінің маңында жарылыс болғаны туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар