22:18, 28 Қаңтар 2025 | GMT +5
Дания премьер-министрі ЕО басшыларымен Гренландия жағдайын талқылады
АСТАНА.KAZINFORM - Дания Премьер-Министрі Метте Фредериксен бүгін Германия канцлері Олаф Шольцтің ведомствосында болды.

Ол сондай-ақ Франция президенті Эммануэль Макронға және Брюссельдегі НАТО бас хатшысы Марк Рюттеге барады.
Еуропалық БАҚ Дания өкілі АҚШ президенті Дональд Трамптың Гренландия АҚШ-тың бақылауында болуы керек деген мәлімдемелеріне байланысты қолдау іздеп жатқанын хабарлайды.
Сонымен қатар, Дания дүйсенбі күні Арктикадағы әскер күшін арттыру үшін 2 миллиард доллардан астам қаржы жұмсайтынын мәлімдеді.
Бұған дейін АҚШ сенаторы Джеймс Ланкфорд жаңадан сайланған президент Дональд Трамптың Гренландияны әскери күшпен басып алу туралы қоқан-лоққысын жоққа шығарды.