Дания премьер-министрі НАТО-ның жойылуы мүмкін екенін айтты
АСТАНА. KAZINFORM – Дания премьері НАТО-ның жойылып кетуі мүмкін екендігі туралы ескерту жасады.
Дания премьер-министрі Метте Фредериксен TV2 телеарнасына беген сұхбатында АҚШ президенті Дональд Трамптың Гренландияны «басып алу» жоспарына мән бермеуге болмайтынын айтты, деп хабарлайды Kazinfrom агенттігінің меншікті тілшісі.
- АҚШ Гренландияға қоқан-лоқы жасамауы керек. АҚШ арктикалық аралға шабуылдайтын болса, бәрі бір мезетте тоқтатуы мүмкін, - деді М.Фредериксен.
Бұған қоса егер АҚШ президенті Дональд Трамп Гренландияға басып кірсе, бұл НАТО-ның жағдайы бітті дегенді білдіретін болады, деп ескертті Дания көшбасшысы.
Данияның TV2 телеарнасына сұхбатында М.Фредериксен Д.Трамптың Арктикадағы өзін-өзі басқаратын Дания аумағын басып алу туралы мәлімдемесіне қарай, бұл іске байыппен қарау керектігін ескертті.
- Мен сонымен қатар егер АҚШ НАТО-ның өзге еліне шабуыл жасайтын болса, халықаралық ұйымның өзі де, соған қарай Екінші Дүнежүзілік соғыс кезінен қамтамасыз етіліп келе жатқан қауіпсіздіктің де жоқ болатынын түсіндіргім келеді, - деді Фредериксен.
Айта кетейік, Трамп пайдалы қазбаларға бай, өзін-өзі басқаратын, соған қарамастан Данияның бөлшегі саналатын, яғни, НАТО альянсына кіретін аралды қосып алуға ұмтылып келеді.
- Бізге Гренландия ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіріп отырған жағдай үшін керек, - деді Ақ үй басшысы жексенбі күні президент ұшағында журналистермен тілдесу барысында.
Трамптың кейінгі мәлімдемесі АҚШ-тың Венесуэлаға соққы жасап, оның көшбасшысы Николас Мадуроны тұтқындағаннан кейін жасалды.
Осыған дейін АҚШ-тың Венесуэлада Николас Мадуроны ұстау операциясын қалай жүргізгені туралы жаздық.