21:28, 18 Қараша 2025 | GMT +5
Даниял Сапарбай бокстан әлем кубогі кезеңінде қола медаль алды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан құрамасының боксшысы Даниял Сапарбай Дели (Үндістан) қаласында өтіп жатқан әлем кубогінің ақтық кезеңінде қола медальға ие болды.
Отандасымыз 90 келіден жоғары салмақта қола жүлде үшін жұдырықтасты. ҚР ҰОК мәліметінше, Даниял бұл кезеңде үндістандық Нарендермен кездесті.
Үш раундтың қорытындысы бойынша үндістандық боксшы жеңіске жетті. Сапарбай жарысты үшінші орынмен аяқтады.
Айта кетейік, қазақстандық боксшы Санжарәлі Бегалиев Делиде (Үндістан) өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде ел құрамасының қоржынына қола жүлде салды.
Әсел Тоқтасын бокстан әлем кубогі кезеңінің жүлдегері атанды.