Дәрігердің бетіне түкірген ақтөбелік айыппұл төлейді

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Іс Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі ауданаралық сотында қаралды. Ақтөбелікке 117 960 теңге айыппұл салынды. 

Дәрігердің бетіне түкірген ақтөбелік айыппұл төлейді
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі ауданаралық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға биыл наурыз айында болған. № 3 қалалық емханасының балалар офтальмолог дәрігеріне қаралған ақтөбелік дөрекелік көрсетіп, тіпті қызметтік міндетін атқарып жатқан оның бетіне түкірген. Іс Әкімшілік құқықбұзушлық туралы кодекстің 80-1-бабын 2-бөлігі бойынша қаралды. 

— Әкімшілік құқықбұзушлық туралы кодекстің 80-1-бабын 2-бөлігіне сәйкес бұл құқық бұзушылық үшін 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза көзделген. Сот отырысында азаматша өз кінәсін мойындамады, дәрігер-офтальмологқа құрметсіздік көрсеткенін жоққа шығарды. Сот азаматша А-ны әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 117 960 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу туралы қаулы шығарды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ, — деп хабарлады Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 2019 жылдан бастап бүгінге дейін, яғни 5,5 жыл аралығында Қазақстанда дәрігерлерге, фельдшерлерге, мейіргерлер мен басқа да денсаулық сақтау мекемесінің қызметкерлеріне қатысты 170-тен астам қылмыс жасалған