Дәрігерлер шала туған баланы құтқарды

АСТАНА. KAZINFORM – Алматы қаласының № 2 Қалалық перинаталды орталығында дәрігерлері 29 апта мерзімінде туған нәрестенің өмірін сақтап қалды. Оның салмағы бар-жоғы 960 грамм, бойы - 37 см болды.

Дәрігерлер шала туған баланы құтқарды
Фото: ДСМ

Директордың неонатальді қызметі жөніндегі орынбасары Сарбас Айнұрым Әліпбайызының айтуынша, ұл бала шұғыл кесарь тілігі арқылы дүниеге келді.

- Операция плацентаның мерзімінен бұрын бөлінуіне және баланың өміріне қауіп төндіруіне байланысты қажет болды. Кейін нәрестенің қалпы бірден Aпгар шкаласы бойынша бағаланып, 1/3 балл болды - жағдай өте қиын болды және бұл оның өмірі үшін күрес басталды дегенді білдірді, - делінген ДСМ хабарламасында.

Бала бірден жаңа туған нәрестелердің реанимация бөліміне ауыстырылды, онда оған тыныс алу үшін аппараттық қолдау қамтамасыз етілді, өкпені ашу үшін сурфактант енгізілді, бактерияға қарсы терапия жүргізіп, зонд арқылы қуаттандыруды бастады. Дәрігер-реаниматологтармен медбикелер командасы тәулік бойы қарап, оған күш алуға көмектесті.

Жетінші тәулікте, жағдай тұрақтанған соң, бала қарқынды терапия палатасына ауыстырылды, ал төрт күннен кейін анасымен бірге болу палатасына ауыстырылды.

44 күн өмір үшін күрестен кейін, ол 2000 грамм салмағымен үйіне шығарылды.

Денсаулық саласындағы деректі жинау және сақтау жүйесі жетілдірілмек.

Соңғы жаңалықтар