Дархан Ермағанбетов Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімі болды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Әкімшілігінің және Мұғалжар аудандық мәслихатының келісімімен Дархан Ермағанбетов Мұғалжар ауданының әкімі лауазымына тағайындалды. ҚазАқпарат бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
None
Фото: Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

Дархан Жанысханұлы 1986 жылы Хромтау ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары: 2008 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, 2012 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін, 2017 жылы Нархоз университетін бітірген.

2008 – 2014 жылдары Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасынан бастап, түрлі облыстық басқармаларда қызмет атқарған.

2014 – 2020 жылдары аралығында Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары және басшысы лауазымдарында еңбек етті.

2020 жылдың наурыз айынан Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының әкімі қызметін атқарып келді.


Соңғы жаңалықтар