Дәрігерлер соққыға жығылған ақтөбелік кәсіпкердің жағдайын айтты

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Соққыға жығылып, есеңгіреп қалған кәсіпкер қазір ауруханада жатыр. Оның миы шайқалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәрігерлер соққыға жығылған ақтөбелік кәсіпкердің жағдайын айтты

«Науқас бізге 25 қыркүйек күні келіп түсті. Оған бас-ми жарақаты, бас ми шайқалуы диагнозы қойылды. Алған жарақаты орташа ауыр. Қазір ем алып жатыр. Көзінен де соққы алған. Көз дәрігер өз кеңесін беріп, жарақаттың зардапсыз жазылатыны туралы айтты», - деді облыстық жедел жәрдем ауруханасының дәрігері Нұрсұлтан Айтмурзин.

Еске салсақ, осы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Күдікті екі мемлекеттік қызметкер жұмыстан шығып кеткен.