«Дастан» құрылыс компаниясы асфальтты бетон өндірісін жаңғыртуда - Бизнестің жол картасы-2020

Ақтөбе облыстық үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында жергілікті кәсіпкерлердің пайыздық мөлшерлемені қаражаттандыру бойынша 5 өтінімі мен өндірістік инфрақұрылымды дамыту бойынша екі жобасы мақұлданды.
«Пайыздық мөлшерлемені қаражаттандыру бойынша төрт жоба техника және автокөлікті сатып алумен байланысты. «Дастан» ЖШС-нің бір жобасы асфальтты бетонның өндірісін жаңғыртуға қатысты», - деп баяндады «Даму КДҚ» АҚ-ның аймақтық бөлімшесінің бас менеджері Берік Нұрғалиев.
Атап айтқанда негізгі қызметі - асфальтты бетонның өндірісі мен жолдарды салу болып табылатын «Дастан» ЖШС қуаттылығы жылына 100 мың тонна болатын асфальтты бетонның жаңа заманауи өндірісін құруды жоспарлауда. Өндіріс Ақтөбе қаласындағы 312-атқыштар дивизиясы даңғылында орналасады, жобаны іске асыру кезінде 170 жаңа жұмыс орындары құрылады. Жобаның жалпы құны 200 млн. теңгені құрайды, соның ішінде кәсіпорынның жеке қаражаты - 30 млн. теңге, қалған 170 млн. теңгені кәсіпорын жылдық 14 пайыздық мөлшерлемемен алады. Соның 7 пайызын мемлекет субсидиялайды.