Дастан Сәтпаев Абу-Дабидегі алғашқы жиынға қатыспайтын болды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қайрат» футбол клубы Абу-Дабидегі алғашқы жиынға қатысатын ойыншылар тізімін жария етті. Бірақ тізімде Дастан Сәтпаев жоқ.

Дастан Сатпаев открыл счет в игре с Бельгией
Фото: Cолтан Жексенбеков/Kazinform

«Қайрат» ФК баспасөз қызметінің мәліметінше, Дастан Сәтпаев, Олжас Байбек пен Азамат Тұяқбаев ем қабылдап, оңалту кезеңінен өтіп жүр. Сол себепті олар Абу-Дабидегі алғашқы жиынға қатыспайды.

Айта кетейік, 2 қаңтарда команда үш апталық демалыстан кейін базаға жиналып, бастапқы медициналық тексеруден өтті.

Ал 4 қаңтар күні таңертең ерте «Қайрат» Біріккен Араб Әмірліктеріне аттанды. Олар 15 қаңтарға дейін жалғасатын оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Жиынның негізгі мақсаты — оңтайлы физикалық формаға келу және ресми матчтарға дайындық.

Сонымен Абу-Дабидегі алғашқы жиынға қатысатын ойыншылар тізімі мынадай:

Қақпашылар: 

— Темірлан Анарбеков;

— Шерхан Қалмұрза;

— Данила Буч.

Қорғаушылар:

— Луиш Мата;

— Александр Мартынович;

— Егор Сорокин;

— Еркін Тапалов;

— Александр Мрынский;

— Александр Широбоков;

— Лев Кургин;

— Сұлтан Асқаров;

— Әмірбек Базарбаев.

Жартылай қорғаушылар:

— Дан Глейзер;

— Валерий Громыко;

— Дамир Қасабулат;

— Әділет Садыбеков;

— Яакко Оксанен;

— Юг Станоев;

— Мұхамедәли Әбіш;

— Исмаил Бекболат.

Шабуылшылар:

— Жоржиньо;

— Эдмилсон;

— Рикардиньо;

— Рамазан Бағдат;

— Мансур Биркурманов.

Бұдан бұрын, Абу-Дабиде команда екі бақылау кездесуін өткізетіні хабарланды: 9 қаңтар «Нефтчи», 14 қаңтар «Вараждин». Сонымен қатар 20 қаңтарда сары-қаралар Астанада бельгиялық «Брюггемен» ойнайды, ал 28 қаңтарда Лондонда УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі соңғы матчты «Арсеналға» қарсы өткізеді.

Соңғы жаңалықтар