Дәулет Тлемисов Түркістан облысы прокурорының орынбасары болды
ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Бұған дейін ол Сайрам ауданының прокуроры қызметін атқарған.

Даулет Сейітжанұлы Тлемисов 1982 жылы 27 қыркүйекте Түркістан облысының Түлкібас ауданында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университетін аяқтаған. Әділет кеңесшісі сыныптық шеніне ие.
Құқық қорғау органдарындағы қызметін 2005 жылы Сайрам ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған. 2010 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының құрылымында түрлі қызметтерді атқарды — бөлім прокуроры, басқарма прокуроры, сондай-ақ облыс прокурорының көмекшісі лауазымдарында еңбек етті.
2016–2020 жылдар аралығында Сарыағаш ауданы прокурорының орынбасары, Шымкент қаласы Абай ауданы прокурорының орынбасары, сондай-ақ Төлеби ауданының прокуроры лауазымдарын атқарды.
2021 жылдың қаңтарынан бастап осы күнге дейін Сайрам ауданының прокуроры лауазымын атқарып келді.
Айта кетейік, бұдан бұрын Қызылорда облысы әкімінің орынбасары тағайындалғанын жазған болатынбыз.