ДДҰ Суданды ашаршылық жайлағанын айтып, дабыл қақты

АСТАНА. KAZINFORM – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Суданды қақтығыс салдарынан ашаршылық жайлап, енді оның өрши түсуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы ДДҰ басшысы Х әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды Анадолы.

голод, Судан
Фото: Анадолы

Ол БҰҰ жанындағы Азық-түлік қауіпсіздігінің ықпалдастырылған класификациясының соңғы есебіне сәйкес, Судан мен Оңтүстік Судандағы және Конго демократиялық республикасындағы 50 миллионға жуық адам аштықтан көз ашпай отырғанын және отбасыларын немен асырарларын білмей отырғанын жеткізді.

Гебрейсустың сөзінше, әлі жүріп жатқан қақтығыстар, тұрғындардың үдере көшуі, экономикалық тұрақсыздық пен климаттың өзгеруі азық-түлік қауіпсіздігі жағдайын қиындатып отыр.

-Суданның кейбір аудандарында (Эль-Фашир мен Кадугли) аштық жүріп жатқаны расталды. Аштықтың Оңтүстік Суданды қоса алғанда елдің өзге аймақтарына тарау ықтималдылығы жоғары. Аштық – біз кеш қалдық дегенді білдіреді. Адамдар өліп жатыр,-деді ДДҰ басшысы.

Гебрейсус Суданға азық-түлікпен көмек беруге шақырып, ДДҰ-ның серіктестерінің қолдауымен медициналық көмекті қажет еткендердің барлығына қол ұшын созуға тырысып жатқанын жеткізді.

-Уақытта өткізіп алму керек, әрине. Алайда гуманитарлық көмексіз біздің мүмкіндіктеріміз шектеулі,-деді ол.

Осыған дейін БҰҰ Судандағы гуманитарлық дағдарыстың ушығып бара жатқанын ескерткен болатын.

 

Соңғы жаңалықтар