Демалыс күндері ауа райы қандай болады

АСТАНА. KAZINFORM – Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады. 

дорога, пробки, автомобили, погода, туман
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Осыған байланысты ауа райы құбылмалы сипатта болады. Елдің көп бөлігінде қар жауып, боран соғады, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде түседі, кей жерлерде жауын-шашынды болады. 

Тек елдің орталық және шығыс бөліктерінде антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша тұман болып, жел күшейіп, ал батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде көктайғақ болады.

Солтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде 12–23 градус аязға дейін төмендеп, күндіз 8–18 градус аяз шамасында болады.

Орталық облыстарда ауа температурасы түнде 5–17 градус аязға дейін көтеріліп, күндіз 0–10 градус аяз болады.

Республиканың оңтүстігінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды: түнде 6 градус жылы мен 7 градус аяз аралығында, күндіз 3–13 градус жылы болады.

Оңтүстік-шығыста түнгі температура 0–10 градус аязға дейін, таулы аудандарда 12–17 градус аязға дейін төмендейді, ал күндіз 3–10 градус жылы, таулы өңірлерде 3 градус аяз бен 2 градус жылы аралығында болады.

Елдің қалған аумағында ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.

Айта кетелік қолайсыз ауа райына байланысты Жетісу облысында жол жабылған еді

 

Соңғы жаңалықтар