Денис Евсеев камбэкпен Үндістандағы турнирдің ширек финалына өтті

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 362-ракеткасы Денис Евсеев Ченнай (Үндістан) челленджер турнирінің ширек финалына шықты.

денис евсеев
Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 513-орында тұрған үндістандық Саси Кумар Мукундтың меселін қайырды.

Бірінші партияда корт иесі 6:3 есебімен басымдылық танытты. Бұдан кейін Д.Евсеев ойын тізгінін қолына алып, камбэк жасай алды – 6:2, 6:3.

Бір сағат 47 минутқа созылған бәсекеде Евсеев 6 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың тең жартысын құр жіберген жоқ. Мукунд 4 эйс, 2 брейктен (9 брейк-пойнт) аса алмады.

Денис Евсеев жартылай финалға шығу үшін әлемнің 196-ыншы, осы жарыстың 2-ракеткасы, аргентиналық Федерико-Агустин Гомеспен таласады.

Қазақстандық теннисші жұптық сында да өнер көрсетіп, бір күнде екі матч өткізуіне тура келді.

Д.Евсеев украиналық Эрик Ваншельбойммен бірге алғашқы айналымда үндістандықтар, доданың 2-ракеткалары Синтхант Бантия – Сакет Минениге тартысты ойында жол берді – 6:2, 1:6, 2:10.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Денис Евсеевтің Үндістандағы турнирде сенсация жасағанын жазған едік.

Сондай-ақ Елена Рыбакина Дохадағы турнирдің үшінші айналымына жолдама алды.

 

Соңғы жаңалықтар