Денис Евсеев Мысырдағы турнирдің финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 400-ракеткасы Денис Евсеев Шарм-эль-Шейх (Мысыр) ITF M15 турнирінің финалына өтті.

Евсеев
Фото: olympic.kz

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген Д.Евсеев ширек финалда ресейлік Сергей Петровпен кездесті.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші 5:3 есебімен жеңіп жатқан мезетте Петров матчты жалғастырудан бас тартты. 
Евсеев жартылай финалда рейтингіде 800-орындағы швейцариялық Лука Стахелиге тап келді. 
Бірінші партияда 6:4 есебі тіркелді. Екінші сетте Евсеев қарсыласына бірде-бір гейм берген жоқ.

Денис Евсеев соңғы бәсекеде рейтингіде 1 001-сатыдағы германиялық, 19 жастағы Венсан Марыскомен бас жүлдені сарапқа салады.
Денис ресейлік Петр Бар-Бирюковпен жұптық сында жартылай финалдан аса алмады. Д.Евсеев – П.Бар-Бирюков чехиялық Ян Граздил – мысырлық Карим Ибрахимге 4:6, 4:6 есебімен жол беріп, финалдан тыс қалды. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің АҚШ-тағы турнирдің финалында ойнайтынын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар