Денис Евсеев Португалиядағы турнирдің финалында жеңіліп қалды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші Денис Евсеев жұптық сында Оэйраш (Португалия) челленджер турнирінің финалында өнер көрсетті.

Евсеев
Фото: olympic.kz

Қазақстандық теннисші жапониялық Каити Утидамен бірге финалда америкалықтар Джордж Голдхофф — Трей Хильдебрандпен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Бірінші партияда америкалық жұп 7:5 есебімен басым түсті.

Екінші сетте қазақстандық-жапониялық дуэт қарымта қайырды — 6:2. Бірақ супер тай-брейкте жеңіс америкалықтардың еншісінде кетті — 10:5.

Бір сағат 15 минутқа созылған бәсеке барысында Евсеев — Утида 3 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Голдхофф –Хильдебранд 2 эйс, 1 эйспен (6 брейк-пойнт) шектелді.

Денис Евсеев пен Каити Утиданың финалға дейін жетуінің өзін табыс деп есептеуге болады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Денис Евсеевтің Португалиядағы жарыстың финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Сандуғаш Кенжебаева Анталиядағы жарыстың жеңімпазы атанды.

Соңғы жаңалықтар