Денсаулық сақтау процестерін цифрландыратын ақпараттық жүйе құрылады

АСТАНА. KAZINFORM – Денсаулық сақтау процестерін цифрландыратын бірыңғай ақпараттық жүйе құрылып жатыр. Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министр Олжас Бектеновтің жауабында айтылған.

Интеллектуальная собственность, цифровизация, безопасность, интернет
Фото: freepik.com

- Қазіргі уақытта денсаулық сақтау саласында бірыңғай ақпараттық жүйе құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол денсаулық сақтау процестерін оңтайландырып, цифрландыратын болады. Ақпараттық жүйелерді оңтайландыру мен интеграциялау арқылы барлық денсаулық сақтау ұйымдарында (дәстүрлі медицинамен айналысатын ұйымдарды қоса алғанда) түпкілікті бақылау және деректердің объективтілігін қамтамасыз ету мүмкіндігі болады. Осы жылдың ақпан айында Денсаулық сақтау министрлігі саладағы медициналық ұйымдарда (меншік нысанына қарамастан) қолданылатын ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптарды бекітті, - деді Үкімет басшысы жауабында.

Айта кетейік, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, дәстүрлі медицинаның бірнеше түріне – гомеопатия, рефлексотерапия, фитотерапия, мануалдық терапия, гирудотерапия, су-джок терапияға рұқсат берілген.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі дәстүрлі медицина әдістерін регламенттеу мақсатында стандарт әзірлеп жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар