Дэвис кубогы: Александр Бублик қарсыласын айқын басымдылықпен ұтты

АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласында Beeline Arena ұлттық теннис орталығында Дэвис кубогы Бірінші әлемдік тобы аясында Қазақстан мен Монако арасында плей-офф матчы басталды.

Александр Бублик
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Дода беташарын Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Александр Бублик пен Уго Нис ашты. 

Уго Нис
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Бастапқы сетте Бублик қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады — 6:0.

Александр Бублик
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Александр екінші сетте де 2:0 есебімен алға кетті. Ақыры ойынды тағы бір брейкпен түйіндеді — 6:3.

а
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Осылайша, Монакомен матчта Қазақстан құрамасы алға шықты — 1:0.

Бүгін сондай-ақ Александр Шевченко мен монаколық Валантен Вашро кортқа шығады. 

Қазақстандық жанкүйерлер теннис турнирінде
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Еске сала кетейік, бұдан бұрын жас теннисші Әмір Омархановтың Тунистегі турнирдің ширек финалына шыққанын жазған едік.

Сондай-ақ Александр Бублик тұсауын кескен балақай теннис добын таңдады.

Соңғы жаңалықтар