Дэвис кубогы: Қазақстан Монако құрамасына есе жіберді

АСТАНА. KAZINFORM – Астанада Дэвис кубогы Бірінші әлемдік тобының плей-офф матчында Қазақстан құрамасы Монакодан жеңіліп қалды.

Дэвис кубогы: Қазақстан Монако құрамасына есе жіберді
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Бүгін жекелей сында қос команданың үздік ойыншылары, әлемнің 10-ракеткасы Александр Бублик пен рейтингіде 27-орындағы Валантен Вашро кортқа шықты.

Екі сетте тай-брейкте В.Вашро 7:6 (7:4), 7:6 (9:7) есебімен жеңіске жетті. Сөйтіп матч Монаконың пайдасына шешілді - 3:1.

Қалған бір кездесу ойналса да, ештеңені шешпейді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дэвис кубогында Александр Бубликтің қарсыласын айқын басымдылықпен жеңгенін жазған едік.

Сондай-ақ Әмір Омархановтың Тунистегі жарыстың жартылай финалына өткенін хабарлағанбыз. 

Соңғы жаңалықтар