Дэвис кубогы: Қазақстан Оңтүстік Кореяға есе жіберді
АСТАНА. KAZINFORM – Чхунчхон қаласында теннистен Дэвис кубогының плей-офф матчында Қазақстан Оңтүстік Кореядан жеңіліп қалды.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Александр Бублик жарақат алғаннан кейін матч барысында құрамға өзгерістер енгізуге тура келді.
Жұптық сында Александр Шевченко — Тимофей Скатов оңтүстіккореялықтар Пак Уй Сун — Нам Чжи Сунға есе жіберді — 2:6, 3:6.
Содан кейін әлемнің 220-ракеткасы Дмитрий Попко дүниежүзілік рейтингіде 379-орында тұрған Чон Хёнмен кортқа шықты.
Бірінші партия жергілікті теннисшінің пайдасына шешілді — 6:3.
Екінші сетте Попко 5:1 есебімен алға кетті. Алайда сол басымдылығын пайдалана алмай, қатарынан бес геймді беріп қойды — 5:7.
Осылайша, оңтүстіккореялық команда есепті 3:1-ге жеткізіп, қазақстандықтарды қапы қалдырды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дэвис кубогында Оңтүстік Кореямен ойында Шевченконың Қазақстанды алға шығарғанын жазған едік.
Сондай-ақ Жібек Құламбаева Қытайдың турнирдің жартылай финалына жолдама алды.