Диана Ержанова триатлоннан әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан құрамасының өкілі Диана Ержанова 6 желтоқсанда Дубайда (БАӘ) өтетін триатлоннан әлем кубогы кезеңіне қатысады.

Диана Ержанова триатлоннан әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды
Фото: ҚР ҰОК

Жарыс Әл-Мамзар саябағында ұйымдастырылады. World Triathlon ұйымының мәліметінше, аталған бәсекеде 65 спортшы бақ сынайды.

Айта кетейік, жарыс Астана уақытымен сағат 14:00–де басталады.

Диана Ержанова бұл додаға дейін қараша айында Иорданияның Акаба қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысады.

Еске салайық, бұған дейін таеквондодан Астанадағы Гран-при финалына қатысатын қазақстандықтар анықталғанын хабарлағанбыз.