Диетолог кеңесі: сүттің пайдасы мен зияны туралы не білеміз
АСТАНА. KAZINFORM — Сүт – адамзат тарихындағы ең көне әрі ең маңызды тағамдардың бірі. Ежелден бері адамдар сүтті тек қоректік өнім ретінде емес, денсаулық пен күш-қуаттың көзі ретінде де тұтынып келген. Сәбидің алғашқы қорегі де – ана сүті. Уақыт өте келе сүттің пайдалы қасиеттері ғылыми тұрғыда дәлелденіп, күнделікті рационның бір бөлігіне айналды. Сүт пен сүт өнімдерінің ағзаға әсері туралы диетолог Марина Мартасова айтып берді.

Сүттің құрамы неге пайдалы?
Маманның айтуынша, сүт – адам ағзасына қажетті көптеген құнды қоректік заттардың көзі.
Оның ішінде:
-
сапалы ақуыз
-
кальций, фосфор
-
В12, А, D дәрумендері
Бұл элементтер сүйек пен тіс саулығы үшін, сондай-ақ жүйке, бұлшықет және иммундық жүйе үшін аса маңызды.
Сүт өнімдерінің арасындағы ерекшеліктері
Сүт өнімдерінің барлығы пайдалы болғанымен, кейбір түрлерінің ерекше артықшылықтары бар:
-
Айран – ішек микрофлорасын реттейтін про- және пребиотиктерге бай.
-
Ірімшік пен сүзбе – жоғары мөлшерде кальций мен В12 дәруменін қамтиды.
-
Йогурт – ақуызға, пайдалы бактерияларға және D дәруменіне бай.
Қанша мөлшерде сүт өнімін тұтыну керек?
Диетологтың кеңесі бойынша, ересек адамға күніне 1–2 порция сүт өнімін тұтыну жеткілікті.
Мысалы:
-
1 стақан (250 мл) сүт
-
1 стақан айран немесе табиғи йогурт
-
100–150 г сүзбе
-
20–30 г қатты ірімшік
Бұл нормалар кальций тапшылығының алдын алып, сүйек тіндерінің беріктігін сақтауға көмектеседі.
Ерекше назар аударуы тиіс топтар:
жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер, менопаузадағы әйелдер, егде жастағы адамдар.
Сүт кімдерге зиян болуы мүмкін?
Сүт өнімдері барлығына бірдей пайдалы бола бермейді. Кей жағдайларда сүт ағзаға кері әсер етуі мүмкін:
-
Лактоза жеткіліксіздігі (лактазаның жетіспеушілігі): сүт қантын қорыта алмау
-
Сиыр сүтінің ақуызына аллергия
-
Тітіркенген ішек синдромы (ТІС)
-
Ішектегі артық бактериалды өсу синдромы (СІБР)
Бұл жағдайда сүт өнімдерінен бас тартып, балық, жаңғақтар, тұқымдар сияқты кальцийге бай тағамдарға көшу ұсынылады.
Сүтті қашан ішуге болады?
Егер сүт ағзаға жайлы сіңсе, оны тәуліктің кез келген уақытында іше беруге болады.
Алайда кешке жылы сүт ішу – ұйқы алдында босаңсыту әсерін береді, бұл әсіресе ұйқысы тыныш емес адамдарға пайдалы.
Сүт өнімдерінің майлылығы бойынша ұсыныстар
Диетолог Марина Мартасова майлылығы орташа өнімдерді (2,5–3,5%) тұтынуға кеңес береді.

Ал қаймақ, кілегей сияқты жоғары майлы өнімдерді шектеген дұрыс.
Сүт пен сүт өнімдері – күнделікті рационның пайдалы және қоректік бөлігі. Алайда оны мөлшермен, ағзаның жеке ерекшеліктеріне сай тұтынған жөн.
Бұған дейін хабарланғандай, Қостанайда алты сүт фермасы салынып жатыр.