Digital Bridge: Үздік стартап жобалар анықталды

АСТАНА. KAZINFORM — Елордада Орталық Азиядағы ең ірі стартап байқауы — Astana Hub Battle өз мәресіне жетті. Байқау тарихында алғаш рет бірден алты жоба жеңімпаз атанды және әр команда 25 мың АҚШ доллары көлемінде грант алады.

Digital Bridge: Үздік стартап жобалар анықталды
Фото: Видеодан скрин

Байқау нәтижесінде Ticket to the Future номинациясында шағын және орта бизнеске арналған жасанды интеллект негізіндегі операциялық жүйені әзірлейтін Moon.AI компаниясы жеңіске жетті. Бұл шешім компанияның деректерін жаттап алып, тәулік бойы жұмыс істейтін дайын «цифрлық қызметкер» бола алады.

Әлеуметтік бағыттағы үздік стартап болып ЖИ негізінде оқушылардың кәсіби бағдарлануын және психологиялық қолдауын қамтамасыз ететін WeGlobal.AI стартабы үздік атанды.

Digital Bridge: Үздік стартап жобалар анықталды
Фото: Видеодан скрин

Серіктес атынан берілген арнайы номинацияда спорт пен реабилитация үшін ЖИ негізінде жұмыс істейтін, киілетін сенсорларды әзірлейтін Mirai Tech жобасы марапатталды.

Өз кезегінде «Қазақтелеком» грантын стоматологиялық клиникалар мен медорталықтарға арналған MacDent платформасы иеленді.

«Жыл жаңалығы» аталымында Паркинсон ауруын ерте диагностикалауға арналған MindShield мобильді қосымшасы мен білезігі жеңімпаз болды.

Павел Дуров астаналық стартапшы туралы: Одан шеберлік сабағын алатын сияқтымын
Фото: Айжан Серікжанқызы/Kazinform

Сондай-ақ, Павел Дуровтың арнайы «Экспоненциалды өсім» номинациясында емтихандарда көшіруге тосқауыл қоюға көмектесетін TrustExam жобасы үздік деп танылды.

Digital Bridge: Үздік стартап жобалар анықталды
Фото: Видеодан скрин

Айта кетейік, Павел Дуров жеңімпаз қазақстандық стартапшыдан шеберлік сабағын алу керегін айтқан еді.

Биылғы байқауға Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан және басқа елдерден келген 80 стартап өздерінің инновациялық жобаларын таныстырды.

Соңғы жаңалықтар