«Дикий Арман» ісі бойынша сот тергеуі аяқталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM - «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің ісі бойынша сотта жарыссөз басталды.

дикий арман
Фото: "ҚазАқпарат" ХАА

Адвокат Олег Чернов әлеуметтік желідегі парақшасында аталған іс бойынша сот шешімі қашан қабылдануы мүмкін екенін жазды.

- Жұмагелдиев Арманның ісі бойынша сот тергеуі аяқталды, сотта жарыссөз басталды. Қазір мемлекеттік айыптаушы сөйлеп жатыр. Айыпталушыларға ұзақ мерзім сұралуда. Мен желтоқсан айына дейін аяқтап, 2025 жылы қаңтардың басында шешім шығарылады деп ойлаймын, - делінген жазбада. 

Еске салайық, 2022 жылы Алматыда полицейлер «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің беделдісі Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын.

2023 жылы қыркүйек айында Алматыда «Дикий Арман» мен Қайрат Құдайбергенге қатысты сот отырысы басталды. 

Бұған дейін «Дикий Арман» жетекшілік еткен ұйымдасқан қылмыстық топтың 15 мүшесі ұсталғанын жазғанбыз.

 

Соңғы жаңалықтар