Димаш Алматы әуежайында фанаттарымен жүріп ұшақтан кешікті

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Димаш Құдайберген ұшақтан кешігіп қалып, Алматыдан Ақтөбеге чартерлік рейспен келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

null
 Ақтөбеде «Туған жер» форумы өтіп жатыр. Бірнеше сағаттан соң Қобыланды батыр атындағы орталық стадионда концерт өтеді. Туған жеріне арнайы келіп, өнер көрсетуі тиіс Димаш Құдайберген бүгін жергілікті уақытпен 12:00-де Ақтөбеге жетуі тиіс еді. Бірақ ол Алматы әуежайында кешігіп қалып, Ақтөбеге жете алмады. Бүгін оны чертерлік рейспен алдырды. Димашты әуежайдан әкесі Қанат Айтбаев күтіп алды. Әуежайда басқа ешкім болмады. Тілшілерге суретке түсіруге, сұхбаттасуға келісім берілмеді. Димаш мінген көлік әуежайдың артқы есігінен шығып кетті.
null

Сенімді ақпарат көзіне сүйенсек, Димаш Алматы әуежайында фанаттарымен жүрген кезде ұшақ көкке көтеріліп кеткен. 
null

Соңғы жаңалықтар
Референдум