Димаш Құдайберген Ақтөбедегі жерлестер форумында ән шырқайды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе жерлестер форумына дайындалып жатыр. Әлемнің 20 елінен 300-ден астам ақтөбелік туған жеріне оралып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақтөбедегі жерлестер форумы 28-29 қыркүйек күндері өтеді. Қобыланды батыр атындағы орталық стадионда 4500 өнер адамы концерттік бағдарламаға қатысады. Жерлестер форумының ашылу кезінде МузАРТ тобы ән шырқайды. Сонымен қатар, ақтөбелік әнші Мирас-Құралай Бекжановтар, Жанар Айжанова, опера әншісі Венера Алпысбаева өнер көрсетеді. Димаш Құдайберген де туған жерінде өтетін жерлестер форумына қатысып, ән шырқайды.
null 

«Димаш Құдайберген келісімшарт жасап, шетелде бірнеше концертке қатысып жатыр. Сондықтан әншінің ұшып келуінің өзі қиынға соғып тұр. 27-сі күні Қытайда концерті бар. Шанхай-Үрімші-Алматы-Астана арқылы 28 қыркүйек күні Ақтөбеге келеді. Концерт 13 мың көрермені болатын стадионда өтеді»,- деді Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиева.

Жоспар бойынша жерлестер форумы кезінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында салынып жатқан білім, мәдениет, медицина саласының нысандары таныстырылады. Олардың арасында қалалық жедел жәрдем станциясының ғимараты бар. Түрік инвесторлары қаржыландырған жоба аясында 3,5 миллиард теңге жұмсалады. Алдағы уақытта реанимобиль мен медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға қосымша қаржы бөлінеді. Сонымен қатар, Ақтөбеге келген танымал азаматтарға пайдалануға берілген Хоккей модулі көрсетіледі. Бұл нысан құрылысына 544 миллион теңге жұмсалды. Форум кезінде пайдалануға берілетін нысандар да бар. Мәселен, Жекпе-жек сарайы форум аясында ашылып, дзюдодан халықаралық турнир өткізеледі. Бұл спорттық жарысқа Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Юрий  Мельниченко, Бақтияр Артаев, Ермахан Ибрагимов келеді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбеде форумды өткізу жұмысы жыл басында қолға алынды. Алдымен әлемнің әр түкпірінде жүрген жерлестер тізімі жасалып, арнайы zherlester.kz сайты ашылды. Ақтөбеде туып-өскен азаматтардың аты-жөндері анықталып, тізімі жасалып, қазіргі жұмыс орындары көрсетілді .  

Соңғы жаңалықтар