Димаш Құдайберген баршаға ұзақ әрі бақытты өмір тіледі
АСТАНА. KAZINFORM — Елімізді әлемге танытып жүрген әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа фотоларымен бөлісті.

— Сіздерге ұзақ әрі бақытты өмір тілеймін. Баршаңызды жақсы көремін, — деген жазба қалдырған желіде Димаш Құдайберген.
Жазбаның астына Димаштың жанкүйерлері ықылас білдіріп, жарысып пікір қалдырып жатыр.
Айта кетейік, Димаш Құдайберген биыл тағы да халықтың сүйіктісі атанып, үздік мәдениет қайраткері марапатына ие болды.
Сондай-ақ, Димаш Құдайберген Дубайда беделді сыйлықтың лауреаты атанған болатын.
Одан бөлек, Димаш Құдайберген діндер съезінің Ізгі ниет елшісі болып тағайындалды.
Еске салайық, Димаш Құдайбергеннің биыл күзде елордадағы «Астана Арена» стадионында өткен концертіне 80 елден 10 мыңнан астам шетелдік көрермен келді.
Димаштың жеке концертін ұйымдастыруға 200-ден астам кәсіпқой маман атсалысқан. Сахнада Димаш Құдайбергенмен бірге әр елден келген 350-ден астам адам өнер көрсетті.