Димаш Құдайберген көрерменді таңғалдырды

АСТАНА. KAZINFORM – Әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде ерекше образдағы сурет, бейнежазба жариялап, көрерменді таңғалдырды.

Көрермен Димаш Құдайбергенді танымай қалды
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Түсірілім алаңындағы кадрлардан әншінің сахналық образы айтарлықтай өзгергенін байқауға болады. Димаш бұл жолы темір сауыт киіп, батыр бейнесін сомдаған. Сонымен қатар қылыштасу өнерін паш еткен.

– Түсірілім алаңынан сәлем, - деп жазды әнші бейнежазбаға.

Әлеуметтік желідегі оқырман әншіні танымай қалғанын жарыса жазып жатыр.

Айта кетейік, Димашпен кездесу үшін Лондонда жанкүйерлер ұзын-сонар кезекке тұрды.

Димаш Лара Фабианның Лондондағы концертінде арнайы қонақ ретінде өнер көрсетті.

Димаш Құдайберген Шанхай халықаралық кинофестивалінің жабылу салтанатында өнер көрсетті.

Соңғы жаңалықтар