Димаш Құдайбергеннің алғашқы жеке альбомы шығатын күн белгілі болды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Димаш Құдайберген алғашқы жеке альбомы шығатын күнді бүгін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Димаш Құдайбергеннің алғашқы жеке альбомы шығатын күн белгілі болды

"Туған күніме орай алғашқы жеке альбомымның шығатын күнін хабарлаймын. 14. 06. 2019", - деп жазды әлеуметтік желіге Димаш Құдайберген.

Айта кетейік, әншінің "Арнау" атты жеке концерті 29 маусым күні Нұр - Сұлтан қаласында өтеді. Сондай-ақ әнші концерті туралы шағын видео жариялады.