Димаш Құдайбергеннің анасы Ақтөбедегі бас шыршаны жақты

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Димаш Құдайбергеннің анасы Света Айтбаева мен мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнирдің жүлдегері Дарья Вдовина, Хоккейден жастар командасының капитаны Никита Белашев Ақтөбедегі бас шыршаны жақты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақтөбе облысы әкімдігі алаңында бас шырша жағылды. Бұл жолы шырша шамдарын ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Димаш Құдайбергеннің анасы Светлана Айтбаева, мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнирдің жүлдегері Дарья Вдовина,  Хоккейден жастар командасының капитаны Никита Белашев жақты. Ақтөбе қаласы бойынша бір күнде төрт шырша жағылып, халыққа мерекелік көңіл-күй сыйлады. Шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен қала тұрғындары қатысып, театрландырылған көріністі тамашалады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақтөбе облысы орталығында 50-ден астам шырша орнатылды. Арбатта шағын мұз қалашығы бар. Сонымен қатар, Ақтөбе қаласында 48 мұз айдыны жұмыс істеп тұр. Жаңа жылдық ертеңгіліктер әр аудан, ауылда ұйымдастырылып, 80 мыңнан астам баланы қамту жоспарда бар. Мереке қарсаңында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі де ұйымдастырылады

null null null 

Соңғы жаңалықтар