Димаш Нью-Йорктегі концерті туралы деректі фильм дайындап жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — 5 қазанда Нью-Йоркте Димаштың жеке концерті өтті. Madison Square Garden көрермендері Димаш Құдайбергеннің қойылымын ыстық ықыласпен қабылдады, деп хабарлайды Dimashnews.

Димаш Кудайберген готовит документальный фильм о концерте в Нью-Йорке
Фото: DimashNews

— Мыңдаған жүрек. Бір дем. Бұл түн тарихта да, менің жүрегімде де мәңгі қалады. Осы арманды менімен бөліскен менің командама, музыканттарға, көрермендер мен осы сапарға сенім артқан әрбір жанға алғысым шексіз. Музыка бізді біріктіріп, соның нәтижесінде Қазақстаннан Америкаға дейін, жүректен жүрекке, жаннан жанға жетеледі, — деп жазды Димаш Instagram-дағы парақшасында Нью-Йорктегі концертінен кейін.

Сол кештің финалында Димаш өзінің авторлық туындысын — үш жылдан астам уақыт бойы жазылған, төрт ірі конфессияның музыкалық және тарихи элементтері тоғысқан шығармасын орындап берді.

Бұл композиция «Stranger» турының алғашқы күнінен, яғни 2022 жылдың 23 қыркүйегіндегі Алматыда өткен шоудан бастап Димаштың тұрақты репертуарына енген. Содан бері әрбір концерт сайын орындалып, көрермендердің жүрегінен жол тауып келеді.

Madison Square Garden залындағы көрермендер Реквиемді көздерінде жас алып, қолдарын жүректеріне қойған күйі орындарынан тік тұрып қарсы алды. Бес, он, он бес минут бойы ешкім орнына отырмады.

This Night Will Go Down in History: The Story of One Sky – How Madison Square Garden Welcomed Dimash Qudaibergen
Фото: dimashnews.com

Кейін Димаш жанкүйерлеріне арнаған үндеуінде Нью-Йорктегі осы концерт туралы «Армандардың тарихқа айналған сәті» атты деректі фильм дайындап жатқанын хабарлады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 6 қазан күні Мехико әуежайында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенді жанкүйерлері қарсы алды. Әлемге әйгілі қазақстандық әнші алғаш рет Мексикада жеке концерт беру үшін барды.

Соңғы жаңалықтар