Димаштың анасы Абайдың әнін шырқап, халықты сүйсіндірді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті және «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі Абайдың 175 жылдығын мерекелеу шеңберінде колледж студенттерімен кездесті. Шараға департамент басшысы Мирлан Мұхамбетов, департамент басшысының бірінші орынбасары Ғалымбек Досанов, департамент жанынан құрылған ақпараттық- ағарту штабының мүшесі, танымал әнші Светлана Айтбаева қатысты.
«Танымдық кештің басты мақсаты – ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстырып, өлеңдері, әндері арқылы адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу. Жастарды Абай шығармаларын талдай отырып имандылыққа, асыл қасиеттерге баулу және туған жердің тарихы мен тілінің қадір-қасиетін ұғындыру, өскелең ұрпақ пен аға буын арасында сауатты ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру.
Шара барысында департамент басшысы Мирлан Мұхамбетов Абайдың қара сөздерін оқып берді. Ал Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжінің жас ақындары Мақсат Ідірісов және Гүлім Тілепбергенова Абайға арнап жазған өлендерін тарту етті. Сонымен қатар кештің құрметті қонағы, біртуар әнші Димаш Құдайбергеннің анасы Светлана Айтбаева ғұлама ақынның «Желсіз түнде жарық-ай» әнін қатысушылармен бірге шырқады», - деп хабарлады «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің баспасөз қызметінен.