Димаштың Франциядағы фанаттары әншімен кездесуді армандайды - елшілік өкілі

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Димаш Құдайберген көктемде Францияда өтетін халықаралық франкофония мерекесіне баруы мүмкін. Қазақстандағы Франция елшілігі, мәдениет және ынтымақтастық жөніндегі кеңесшісі Гийом Касперски Димашты француз фанаттары күтетінін жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Димаш Құдайбергенді танимыз. Ол француз тілінде ән айтады әрі оның Ақтөбе қаласынан екенін білдік. Қазақстандағы Франция елшілігі Димашпен бірге жұмыс істейді. Димаш- Қазақстан мақтанышы. Оны Францияда да таниды, жақсы көреді. Тіпті Францияда Димаштың фанаттар клубы бар. Фанаттары Димашпен кездесуді армандайды. Жоспар бойынша көктемде Халықаралық франкофония мерекесін қолдаушы ретінде қатысуы мүмкін. Ән шырқауы да ықтимал. Ол француз тілінде ән шырқаудың маңыздылығы мен француз әні оған не бергенін айтады деп сенеміз. Сол кезде Ақтөбе қаласы туралы да ақпарат беруі мүмкін. Себебі, Ақтөбе туралы Франция аз біледі. Екі ел арасындағы мәдени байланыс достығымызды нығайта түсері сөзсіз»,- деді Қазақстандағы Франция елшілігі, мәдениет және ынтымақтастық жөніндегі кеңесшісі Гийом Касперски.

Айта кетейік, Ақтөбеге француз музыканттары келіп, Жұбановтар әлемі орталығында өнер көрсетті. Музыканттар Ғазиза Жұбанованың шығармасын орындады.

Соңғы жаңалықтар
telegram