Дмитрий Парфенов «Ақтөбе» командасының бас бапкері қызметіне тағайындалды

Украиналық Дмитрий Парфенов «Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform.

Дмитрий Парфенов
Фото: Ақтөбе футбол клубының ресми сайты

Дмитрий Парфенов 1974 жылы дүниеге келген. Ол Ресейдің «Спартак» командасының намысын қорғап, Ресейдің төрт дүркін чемпионы атанған.

1996-2004 жылдары Украина ұлттық құрамасында ойын көрсетті.

2012 жылы бапкерлік мансабын бастап, Ресей жасөспірімдер құрамасының тізгінін ұстады. Кейіннен «Текстильщик» (Иваново) клубын баптап, «Тосно» (Санкт-Петербург) ұжымымен Ресей кубогін жеңіп алды.

Одан бөлек, ресейлік «Урал» клубымен де ел кубогінің финалына дейін жетті. Сондай-ақ, тулалық «Арсеналды» жаттықтырды. 2022-2023 жылдарда «Родина» (Мәскеу) клубына Ресейдің бірінші лигасында басшылық жасады.

Айта кетсек, бұдан бұрын ақтөбелік клубқа жетекшілік жасаған Андрей Карпович Семейдің «Елімай» командасына бас бапкер қызметіне тағайындалды.

 

Соңғы жаңалықтар