Доллар 2 теңгеге қымбаттап, 545 теңгеге жетті

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады. 

Доллар 2 теңгеге қымбаттап, 545 теңгеге жетті
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,08 теңгеге қымбаттап, 545,01 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 542,67 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 544,11 теңгеден сатып алынады, 545,97 теңгеден сатылады. Еуро 639,39 — 643,87 теңге, ал рубль 6,42 — 6,54 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 75,97 теңгеден сатып алынады, 78,70 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 542,47 теңгеден сатып алынады, 547,47 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 638,18 теңге, сату — 646,19 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,45 теңге, сату — 6,60 теңге.
— юань: сатып алу — 77,22 теңге, сату — 81,40 теңге.

Еске салайық, 22 қыркүйек күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,33 теңгеге қымбаттап, 542,67 теңге болды.

Соңғы жаңалықтар