Доллар 519 теңге деңгейінде қалды
АЛМАТЫ. KAZINFORM — KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы өзгеріссіз қалды.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 519,51 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 521,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 519,6 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 608, сату құны — 612.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 523 теңге, сатып алу құны — 517 теңге. Еуро 606 теңгеден сатып алынып, 613 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,45 — 6,61 аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 4 шілдеге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 519,57 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,61 теңге. Еуро — 612,78.
Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын.
Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.