Доллар 519 теңге деңгейінде қалды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы шамалы төмендеді.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,61 теңгеге арзандады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 518,97 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 520 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 518 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 607, сату құны — 611.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 522 теңге, сатып алу құны — 516 теңге. Еуро 605 теңгеден сатып алынып, 612 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,50 - 6,65 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 9 шілдеге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 519,58 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,63 теңге. Еуро — 609,36
Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын.
Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.