Доллар ақша айырбастау орындарында қаншадан сауданалып жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау орындарында:
- доллар: сатып алу - 539,45 теңге, сату - 541,30 теңге;
- еуро: сатып алу - 624,30 теңге, сату - 628,23 теңге;
- рубль 6,51 - 6,63 теңге аралығында саудаланады.
- юань 76,01 - 78,44 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Елорданың ақша айырбастау пункттерінде:
- доллар 537,67 теңгеден сатып алынады, 543,34 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 623,51 теңге, сату - 631,36 теңге;
- рубль: сатып алу - 6,52 теңге, сату - 6,67 теңге.
- юань 76,16 теңгеден сатып алынады, 80,07 теңгеден сатылады;
Еске салайық, 22 қазан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,08 теңгеге арзандап, 538,53 теңге болды.