Доллар бағамы 499 теңгеге дейін түсті
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,98 теңгеге арзандап, 499,65 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 503,89 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 501,37 теңгеден сатып алынады, 503,97 теңгеден сатылады. Еуро 582,76 — 587,57 теңге, ал рубль 6,43 — 6,55 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 71,44 теңгеден сатып алынады, 74,40 теңгеден сатылады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 499,66 теңгеден сатып алынады, 506,66 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 579,52 теңге, сату — 589,52 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,45 теңге, сату — 6,55 теңге.
— юань: сатып алу — 72,36 теңге, сату — 76,79 теңге.
Еске салайық, 3 желтоқсан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,07 теңгеге арзандап, 503,89 теңге болды.