Доллар биржада 478 теңгеге дейін түсті

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

валюта
Фото: Мақсат Шағирбаев/ Kazinform

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,7 теңгеге арзандап, 478,77 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 481,54 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 475,03 теңгеден сатып алынады, 482,03 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 545,07 теңге, сату — 555,07 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,75 теңге, сату — 6,05 теңге.
— юань: сатып алу — 70,98 теңге, сату — 75,45 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 476,62 теңгеден сатып алынады, 479,12 теңгеден сатылады. Еуро 548,34 — 554,22 теңге, ал рубль 5,81 — 5,97 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 70,07 теңгеден сатып алынады, 72,57 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 30 наурыз күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,35 теңгеге арзандап, 481,54 теңге болды.

Соңғы жаңалықтар