Доллар биржада тағы 2 теңгеге арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы сәл арзандады.

Доллар, тенге, теңге
Коллаж: Kazinform/ Canva

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,42 теңгеге арзандап, 507,05 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 509,63 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 507,93 теңгеден сатып алынады, 510,29 теңгеден сатылады. Еуро 591,16 – 595,67 теңге, ал рубль 6,42 – 6,53 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 73,70 теңгеден сатып алынады, 76,55 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 506,01 теңгеден сатып алынады, 513,01 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 589,84 теңге, сату - 601,31 теңге;
- рубль: сатып алу - 6,30 теңге, сату - 6,60 теңге.
- юань: сатып алу - 74,15 теңге, сату - 78,19 теңге.

Еске салайық, 19 қаңтар күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,44 теңгеге арзандап, 509,63 теңге болды.

Соңғы жаңалықтар