Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 508 — 513 теңгеден саудаланып жатыр.

курс валют, доллар евро
Фото: Freepik

Ұлттық банктің 15 мамырға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 506,21 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,30 теңге. Еуро — 568,42.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 509 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 512 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 568, сату құны — 573.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 513 теңге, сатып алу құны — 508 теңге. Еуро 566 теңгеден сатып алынып, 573 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,18 — 6,38 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 14 мамыр сәуір күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,63 теңгеге төмендеп, 506,21 теңге болған. 

Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар