Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 508 — 514 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 17 мамырға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 509,51 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,30 теңге. Еуро — 570,60.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 513 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 511 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 569, сату құны — 574.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 514 теңге, сатып алу құны — 508 теңге. Еуро 568 теңгеден сатып алынып, 575 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,17 — 6,32 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 16 мамыр күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1 теңгеге төмендеп, 509,51 теңге болған.
Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын.
Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.