Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 506 — 512 теңгеден саудаланып жатыр.

доллар
Фото: pexels.com

Ұлттық банктің 23 мамырға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 507, 07 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,37 теңге. Еуро — 572,53.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 511 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 509 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 573, сату құны — 577.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 512 теңге, сатып алу құны — 506 теңге. Еуро 571 теңгеден сатып алынып, 578 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,24 — 6,47 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 22 мамыр күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,28 теңгеге төмендеп, 507,07 теңге болған.

Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар