Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 510 — 516 теңгеден саудаланып жатыр.

Миллий банк 750 миллиард тенгелик хорижий валюталарни сотишни режалаштирмоқда
Фото: andreyphoto63/Freepik

Ұлттық банктің 15 маусымға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 511,92 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,44 теңге. Еуро — 588,91

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 514 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы —512 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 589 сату құны — 593.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 516 теңге, сатып алу құны — 510 теңге. Еуро 584 теңгеден сатып алынып, 594 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,35 — 6,52 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 13 маусым күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,22 теңгеге төмендеп, 511,92 теңге болған. 

Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар