Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 516 – 522 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 3 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 518,14 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,27 теңге. Еуро — 537,57.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 519 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 521 теңге. Еуро 537 — 541 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 516 теңге, сатып алу құны — 522 теңге. Еуро 537 теңгеден сатылып, 543 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,18 - 5,28 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 31 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,99 теңгеге төмендеп, 518,20 теңге болған.
Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты.
Сондай-ақ Ұлттық банк валюта айырбастаудың жаңа ережесін бекітетінін мәлімдеді.
Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.