Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 497 – 503 теңгеден саудаланып жатыр.

Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай
Фото: pixabay.com

Ұлттық банктің 5 наурызға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 499,74 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,60 теңге. Еуро — 525,23.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 501,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 499,5 теңге. Еуро 520 — 526 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 503,5 теңге, сатып алу құны — 497,5 теңге. Еуро 528 теңгеден сатылып, 521 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,46 - 5,61 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 4 наурыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,40 теңгеге қымбаттап, 499,71 теңге болған.

Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты

Сондай-ақ Ұлттық банк валюта айырбастаудың жаңа ережесін бекітетінін мәлімдеді

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар