Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 497 – 504 теңгеден саудаланып жатыр.

Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай
Коллаж: Kazinform / Freepik / Pixabay

Ұлттық банктің 15 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 495,28 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,44 теңге. Еуро — 518,41.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 504 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 499 теңге. Еуро 525— 520 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 503 теңге, сатып алу құны — 497 теңге. Еуро 525 теңгеден сатылып, 518 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,37 - 5,51 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 14 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,91 теңгеге төмендеп, 496,04 теңге болған.

Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты

Сондай-ақ Ұлттық банк валюта айырбастаудың жаңа ережесін бекітетінін мәлімдеді

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар