Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 488 — 493 теңге аралығында саудаланып жатыр.

доллар
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Ұлттық банктің 30 қазанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 491,70 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,07 теңге. Еуро — 531,28.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 488,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 491,1 теңге. Еуро 528 — 532,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 488 теңге, сатып алу құны — 493 теңге. Еуро 528 теңгеден сатылып, 534 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,97 — 5,05 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 29 қазан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,04 теңгеге қымбаттап, 491,35 теңге болған.

Бұған дейін қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов теңге құнының әлсіреу себебін түсіндірді.

Соңғы жаңалықтар