Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 511 — 517 теңгеден саудаланып жатыр.

Доллар тағы қымбаттады
Фото: pexels.com

Ұлттық банктің 16 маусымға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 511,92 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,44 теңге. Еуро — 588,91

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 514 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы —511 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 588 сату құны — 593.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 517 теңге, сатып алу құны — 511 теңге. Еуро 585 теңгеден сатып алынып, 595 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,36 — 6,52 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 13 маусым күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,22 теңгеге төмендеп, 511,92 теңге болған.

Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын.

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты. 

Соңғы жаңалықтар